"Попковтың" прәндігі мен вафлиі Ресейге экспортталады

Фотография - "Попковтың" прәндігі мен вафлиі Ресейге экспортталады

Дағдарысты сезініп отырғанымыз жоқ, жұмысымыз ырғақты,- дейді "Попков" шаруа қожалығының жетекшісі Алексей Попков.

323 0

Желаев өндірістік аумағындағы "Попков" шаруа қожалығының егін егумен қатар, өндіріспен айналысқанына 20 жылдың жүзі болды. Бастапқыда макарон өнімдерін шығарумен айналысты. Бірақ нарықтан орын табу қиынға түсті. Ал бүгінде кондитерлік және нан, вафли, тоқаш өнімдерін өндірудің шебері атанды. Сапалы өнімдерімен күллі елімізге ғана емес, көршілес Ресей нарығына да танылған. Мұнда кондитерлік өнімдердің 30 шақты түрі өндіріледі. Сонымен қатар кәсіпорын нан өнімдерімен Оралды тұрақты қамтып отыр.

-Өнімдерімізге Ресейдің Челябі, Нижний Новгород, Самара, Саратов, Орынбор облыстарынан сұраныс мол. Прәндік пен вафлиіміз ондағы тұтынушыларымызға ұнайды. Қазір мәскеуліктермен келісімшарт жасауға дайындыққа кірістік. Өндірілген өнімнің 50 пайызы экспортқа Ресейге шығарылады. Өнім өткізу жөнінде Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан өңірлерімен де келісімшарттар жасалған. Дағдарысты сезініп отырғанымыз жоқ, жұмысымыз ырғақты,- деді "Попков" шаруа қожалығының жетекшісі Алексей Попков.

2011 жылы кәсіпорын "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы  бойынша "Цесна банк" АҚ-дан несиелік қаражат алып, тоқаш және вафли өндіретін жаңа желі орнатты. Мемлекеттің қолдауымен "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы банктің несиесінің 14 пайыздық мөлшерлемесінің 50 пайызын субсидиялауға қол жеткізді. Жаңа екі желінің іске қосылуымен 30 адамға жаңа жұмыс ашылған. Барлық өндірістік цехтарды қоса алғанда 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс орнында тәулігіне 8 тонна өнім өндіріледі. Өнім өндіруге шикізаттың 50 пайызы өздерінен, қалған бөлігін өзгелерден сатып алады.

Шаруа қожалығына қарасты цехта жұмыс істегеніме 2 жыл болды. Біздер дайын өнімді қорапшаларға саламыз. Жалақымыз тұрақты, түнгі ауысымға Оралдан жұмыс автобусымен тасымалдайды,- деді жұмысшы Самал Жангереева.

Шаруа қожалығының басшысы А.Попков алдағы жұмыс жоспарының көптігіне тоқталып жатпай, әзірге экономикалық қиыншылықтар кезеңінде тұрақты жұмыстың өндіріс үшін мән-маңызы зор екендігін салмақтап берді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!