Астанада "сұр" жылдамдық камералары 25 ақпаннан бастап жұмыс істей бастайды

Фотография - Астанада "сұр" жылдамдық камералары 25 ақпаннан бастап жұмыс істей бастайды

Олар тек жылдамдық асыруды ғана түсіреді

339 0

Астанада "сұр" жылдамдық камералары ЖЖЕ бұзуды 25 ақпаннан бастап тіркейтін болады. 21 аппаратты-бағдарламалық VOCORD кешені іске қосылады, деп жазады Today.kz.

"Халық "сұр" деп атап кеткен жылдамдық өлшу камералары жылдамдықты асыру бойынша жол жүру ережелерін бұзуды автоматты түрде фото тіркеуге алуға мүмкіндік береді, - дейді баспасөз мәслихаты кезінде Астана ІІД ӘПБ электронды қызметті автоматизациялау бөлімінің бастығы Нұржан Әділов. – Жылдамдық өлшеу камералары 25 ақпаннан бастап жұмыс істейді.

Камералардың көбі Астана – Қарағанды жолына шыға берісте қойлған, ол жерде алтау орнатылған. Тағы бесеуі Сығанақ көшесінде. Камераларға ИК-прожекторлар орнатылған, бұл мемлекеттік нөмірді түнгі уақытта анықтауға мүмкіндік береді. Күндіз де, түнде де нөмірді анықтау мүмкіндігі 98 пайыз.

Сұр камералардың сары радарлардан айырмашылығы, олардың сыртынан жұмыс істеп тұрғанын байқауға болмайды, яғни жарықылдамайды. Ведомстводан хабарлағандай, VOCORD ереже бұзудың тек бір түрін тіркейді.

Алайда, бұл құрылғының қанша тұратындығы белгісіз, оны тек жазбаша сұраныс беру арқылы білуге болады. "Астана Innovations" АҚ төрағасы Ескендір Тәжібаевтың айтуынша, VOCORD кешені 2014 жылы сатылып алынған.

2016 жылдың басынан Астана ІІД бейне тіреуші жүйе көмегімен үш мың әкімшілік жылдамдық асыру бұзушылығы тіркелген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!