Қызылордада азаттықтың ақ таңы ұлықталған шара өтті

Фотография - Қызылордада азаттықтың ақ таңы ұлықталған шара өтті

Егемендікті ұлықтаған өнерпаздар додасында Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің ұжымы бас жүлдені олжалады.

310 0

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қызылордада азаттықтың ақ таңы ұлықталған шара өтті. Қала тұрғындарына "Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы" атты сурет көрмесі ұсынылды. Қазақ елі үшін маңызды тарихтың әр сәтін ұзақ уақытқа тоқтата білген қылқалам шеберлері өз туындылары арқылы егемендіктің айшықты тұстарын бейнелі жеткізген. Жұрт назарына 40 шақты картина қойылып, мән-маңызы, өзіндік әсері жөнінде әңгімеленді. 

Көркемсурет шарасы "Мәңгілік мәртебесі – тәуелсіздік" атты театрландырылған қойылымдардың облыстық байқауына ұласты. Аймақтық сайыста 8 мәдени ұжым шеберлік сынасты. Сахна шеберлері тәуелсіздік жолында жүріп өткен қилы замандарды 7 минуттық прологқа сыйғызуға тырысты. Егемендікті ұлықтаған өнерпаздар додасында Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің ұжымы бас жүлдені олжалады. 

Оңталап Нұрмаханов, қазылар алқасының төрағасы:

- Қызылорда қаласы өнерпаздарының, Шиелі ауданы мәдениет үйінің, Жаңақорған ауданы және гуманитарлық колледж өнерпаздарының өнері өз деңгейінде, өз биігінде деп есептесек болады. Бұл сайыс облыстың барлық жерінде өткізіліп жатыр.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!