Астанада үлкен төрт көше біржақты қозғалысты көше болмақ

Фотография - Астанада үлкен төрт көше біржақты қозғалысты көше болмақ

Біржақты қозғалыс жасау көшелеріне Әуезов, Желтоқсан, Абай және Кенесары көшелерді кірді.

900 0

Жол жүру ақысын электронды төлеу жүйесі, 7 қосымша экспресс-маршрут, 8 көше бойынша "Bus Lane" бағдарламасы және елорданың 4 көшесіндегі біржақты қозғалыс – Әкімдіктің көлік-логистикалық инфрақұрылымы саласындағы 2016 жылға арналған жоспары осындай. Егер 2015 жыл Астана әкімінің халықпен есеп беру кездесуінде көлік реформалары жылы болып аталса, ағымдағы жыл оның жалғасы болмақ.

Елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков халықпен есеп беру кездесуінде қоғамдық көлік тақырыбы қала тұрғындары үшін аса өзекті екенін айтты. Жүйелі тұрғыдан қарауды қажет ететін бірқатар кешенді мәселелер бар. Сол себепті елордада өткен жылы көліктік реформалар қолға алынып, биыл бұл жұмыстар жалғасын табады.

Қазақстанда алғаш рет халықаралық тәжірибеге сәйкес Көлік ағындарын басқару орталығы енгізіліп жатыр, бірыңғай диспетчерлік қызмет пен көліктік бақылау қызметі құрылды, тұрақ кеңістігін бірыңғай басқару қызметі жасалды, сондай-ақ, толыққанды интеллектуалды көлік жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде. 18 жылда алғаш рет қаланың маршруттық желісін ауқымды жаңғырту жүргізілді.

39 қалалық маршрут өзгертілді, аса ұзын 14 бағдар бөлінді. Осылайша маршруттар саны 52-ден 63 дейін көбейді. Балама ретінде қалада 6 экспресс-маршрут жүреді, олардың аялдамалар саны аз және қозғалыс кестесі тура болып табылады. Кездесуде белгілі болғандай, биыл Астанада қосымша 7 экспресс-маршрут іске қосылмақ.

Алғаш рет қаланың шекарасынан радиусы 50 км жерде 16 елді мекен бойынша жолаушылар тасымалының барлық технологияларына сәйкес келетін қала маңына қатынайтын автобустар жүре бастады.

Мамыр айында елорда жол жүру ақысын төлеудің электронды жүйесіне көшеді. Бұл тасымалдауды ұйымдастыру сапасына оң ықпалын тигізеді. Автобус паркі 65% жаңартылды, бұл ретте жаңа автобустар ақпараттандыру, ауа баптау, жылыту, бейнебақылау жүйелерімен, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға және балаларға арналған арбалармен жүретін ата-аналар үшін пандустармен жабдықталған. 2015 жылы 27 жабық аялдама павильоны орнатылды, биыл осындай 55 аялдама орнатылады. Жазда "жылы" аялдамаларда қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін, керісінше, кондиционерлер жұмыс істейтін болады. 

Мұнымен қоса, қоғамдық көлік сервисі үшін жүргізушілер мен кондукторлардың кәсіпқойлығы аса маңызды болып табылады. Жүргізушілердің жетіспейтіні рас. 2015 жылы Көлік мамандарының біліктілік орталығында жүргізушілердің жалпы санының үштен бірі ғана біліктілікті арттырудың бірінші деңгейінен өтті. Жолаушылар көлігі саласындағы білікті жұмыскерлер санын арттыру бойынша жұмыстар жалғасады.

Жолдардағы кептелістер жас қалалар үшін әдеттегі мәселе болып табылады. Сондай-ақ, бұл мәселе кешенді түрде шешілетін болады, деп айтылды халықпен есеп беру кездесу барысында. Елорданың 6 көшесінде "Bus Lane" жобасы енгізілген соң, оң өзгерістер орын алғаны айтылды. Автобустардың орташа жылдамдығы 12-15% артты. Жыл соңына дейін 8 көшеде қосымша жолақтар бөлу жоспарланған. 

Сонымен қатар,  жол желісіне түсетін жүктемені азайту үшін биыл көктемде Әуезов, Желтоқсан, Абай және Кенесары көшелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі.

Қалада дифференцияланған жұмыс уақытын енгізу де жүктемені азайтуға бағытталған. Қала әкімдігінің барлық құрылымдары жаңа кестеге көшті, қазіргі кезде орталық мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен және жеке меншікті ұйымдармен жұмыстар жүргізілуде. Олардың кейбіреулері жұмыс кестесін өзгертуге келісімдерін берді.

Көлік-логистикалық инфрақұрылым заманауи және серпінді қаланың басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Өткен жылы 70 км астам жол салынып, қалпына келтірілді, жөнделді. Кіші айналма жолдың құрылысы жалғасуда. Бүгінде 23 км жол төсемі, 4 көліктік айырым, 3 жол өткелі және 2 көпір салынды.

Бұл ретте жолдардағы қауіпсіздік мәселесі бұрынғыдай назарда болады. Өткен жылы қала тұрғындарының өтінішімен 6 жаяу жүргіншілер және 12 көліктік бағдаршам объектісі, 42 көліктік және 110 жаяу жүргіншілерге арналған есептеу таблосы мен мыңнан астам жол белгісі орнатылды. "Балалар қауіпсіздігі" бағдарламасы аясында оқу орындарының жанында 200 п.м. жасанды жол бұдыры жөнделді, 10 "Мектеп" ескерту белгісі қойылды. Сонымен қатар, көшелерде ұзындығы 540 км жол белгілері салынды, 110 учаске шулы жолақтармен жабдықталды. Қалада жүргізушілер үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де жағдайлар жасалуда.

astana.gov.kz 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!