Мұхаммед Қазбекұлының туыстарымен кезігудегі бейнеролик пайда болды

Фотография - Мұхаммед Қазбекұлының туыстарымен кезігудегі бейнеролик пайда болды

Алты жасар балақайдың табылғаны кеше белгілі болды

664 0

Today.kz редакциясы иелігінде жоғалып кеткен Мұхаммед Қазыбекұлының туыстарымен кездесу сәтіндегі бейнеролигі пайда болды. Бейнежазбада ересектердің көз жасын жасыра алмай баланың оралғанына шын қуаныштарын көрсетуде. Баланы полицейлер 20 ақпаннан бері іздей бастаған. Балақайдың сырт көрінісінен аман-сау екені байқалады.


ОҚО-да 6 жасар Мұхаммед Қазбекұлының жоғалғаны туралы 20 ақпанда белгілі болды. Ол күні мектептен қайтып келе жатқан балақайды бейтаныс әйел алып кеткен. Такси жүргізушісінің куәлігімен баланы алып кеткен әйелдің фотоороботы жасалған болатын. Кейін полицияға келіп кінәсін мойындаған үйсіз әйел Сандыгүл Сүйіндік те күдікті ретінде іздеуде болған. Мұның алдындағы баланың Шымкентте болуы мүмкіндігі хабарланған. 24 ақпанда полицейлер баланың Арыс қаласынан табылғандығын хабарлады. Ол жерге оны фотороботтағы күдіктімен бет-бейнесі толық сәйкес келетін әйел апарып тастаған.

Мұхаммед Қазбекұлының анасы балақайдың дені сау, дін аман екенін хабарлады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!