Жайлылық ауладан басталады

Фотография - Жайлылық ауладан басталады

Ә. Жақсыбеков өз баяндамасында жиі қала тұрғындарының шағымдануы себеп болатын ПИК жұмыстарына назар аударды

344 0

Өткен жылы Астанада 49 аула аумақтарын кешенді түрде абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді, ол аумақтарда ойын және спорт алаңдары, шағын сәулет формалары орнатылып, асфальт, резеңке және тас төсеуіш жабындар төселді. Бұл туралы сәрсенбі, 2016 жылдың 24 ақпанында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің халықпен кезекті есеп беру кездесуі барысында айтылды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ә. Жақсыбеков өз баяндамасында жиі қала тұрғындарының шағымдануы себеп болатын ПИК жұмыстарына назар аударды. Бүгінде Астанада 2356 көп пәтерлі тұрғын үй орналасқан, оларға 379 ұйым қызмет көрсетеді. Әкімнің айтуынша, өз ауласының немесе үйінің ахуалы қала тұрғындарының өздеріне байланысты екенін түсінуі керек. Тұрғындар төрағаны қайта сайлауға немесе басқа ПИК-ке ауысуға құқылы, бұл тиісті заңнамамен бекітілген.

Әкімдік тарапынан тұрғын үй инспекциясының жұмысы күшейтіледі, бұл елорданың тұрғын үй қорын ұстауды жақсарту бойынша бірлескен жұмыстарды жолға қоюға мүмкіндік береді.

Әкімдік елорданы көгалдандыру мәселелеріне баса назар аударады. 9 парк, төрт желек пен 82 гүлбақ елорда тұрғындарын қысы-жазы қуантуда. Өткен жылы Астанада 20 жуық ағаш отырғызылды, соның ішінде қарағай, шырша, терек, тал, қарағай және үйеңкі бар. Астаналық орман – қаланың "жасыл белдеуін" "елорданың өкпесі" деп атауға лайық. Қазіргі кезде екпе ағаштардың көлемі 70 мың гектарға жуықтады. Соның ішінде, 15 мыңы қала ішінде орналасқан, оның 10 млн. жуығы ғаш пен 2 млн. жуығы бұталар, мұнда қоян, түлкі, шіл мен қырғауылдар мекен етеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарының демалысы үшін мемлекеттік-жеке меншік серіктестік қағидасымен инвесторларды тарта отырып, жасыл белдеу аумағында екі рекреациялық орман паркін жасау көзделген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!