Бас мүфти Ержан Малғажыұлы имамдарға байланысты пікірін білдірді

Фотография - Бас мүфти Ержан Малғажыұлы имамдарға байланысты пікірін білдірді

"Имам – рухани тұлға, қоғамды тәрбиелеуші ұстаз"!

415 0

"Имам – рухани тұлға, қоғамды тәрбиелеуші ұстаз"! Астана қаласында өтіп жатқан "Ислам және зайырлы қоғам" РАНТ мүшелеріне арналған конференция барысында осылай деп атап өтті. Бас мүфти өз сөзінде имамдардың қоғамды ізгілікке үйретіп, бірлік пен берекені сақтаудағы үлесі зор екенін айрықша атап, сондықтан да оларға қойылар міндет межесінің де биік болатынын ескертіп өтті.

"Бүгінгі конференциямыз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына сәйкес келіп отырғанын айрықша атап өткім келеді. Тарихымызға зер салсақ, имам қашан да бірліктің ұйытқысы болған. Имам – рухани тұлға, қоғамды тәрбиелеуші ұстаз. Құдайға шүкір, егемендігіміздің арқасында діндар қауымының да мәртебесі артып келеді. Бүгінгі "Ислам және зайырлы қоғам" атты республикалық конференцияны ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз – ҚМДБ қызметкерлерінің кәсіби қабілетін арттырып, жастарды патриотизмге тәрбиелеу. Сонымен қатар, дін мен зайырлы қоғамның үйлесімділігін арттыру", – деді Ержан қажы Малғажыұлы..

Сондай-ақ, конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов, көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, профессор, ф.ғ.д. Әділ Ахметов, ҚР Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, ҚР Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, облыстардың Бас имамдары, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері, ҚМДБ Сарапшылар Кеңесінің мүшелері, мемлекет, қоғам және дін қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, профессорлар, тарихшылар, қоғамдық сарапшылар, т.б. қатысуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!