Таразда Ұлттық ұлан жоғалып кеткен 6 жасар баланы тапты

Фотография - Таразда Ұлттық ұлан жоғалып кеткен 6 жасар баланы тапты

Ұлттық ұланның әскери жасақ құрамына жоғалған 6 жастағы Бекнұрдың анасы шексіз алғысын білдірді

461 0

23 ақпан күні сағат 19.05-те Тараз қаласындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери жасағына сол қаланың тұрғыны, азаматша Арайлым Өмірәлиевадан 6 жасар ұлы Қалмахан Бекнұрдың үйден шығып жоғалып кеткендігі туралы хабар түседі. Баласын тауып беруді өтінген анасының айтуы бойынша ұлы Бекнұр сол күні сағат 12.30 шамасында компьютерлік клубқа ойнауға кеткен де сол күйі үйіне оралмаған. Анасы өз күшімен ұлын іздеп таба алмаған.

Жоғалған бала туралы мәлімет алған соң Ұлттық ұланның әскери жасақ құрамы, әскери жасақ патрулінің бастығы қатардағы Азамат Асылбек, патрульдер қатардағы Айдос Дәулетқұлов пен Тайыр Ибрагимов және кинолог сержант Ерболат Асанов "Рада" лақап атты қызметтік итті қолдану арқылы дереу баланы іздеуге кіріседі.

Баланы іздеу барысында компьютерлік клубтың маңынан "Рада" лақап атты қызметтік ит жоғалған баланың ізін кеседі, сол арқылы әскери жасақ ізге түсіп аймақты тінтуге кіріседі.

20 минут уақыт бойы із кескен әскери жасақ құрамы 1500 метр аумақты тінту арқылы ақыры жоғалған баланы қалалық Мәдениет үйінің маңынан тауып алады және оны сарыла күтіп отырған анасына аман-есен жеткізеді. Баланың айтуы бойынша ол ойнап жүріп уақыттың кеш боп кеткенін білмей қалады және анасының оны іздеп жүргенін сезбейді.

Өздерінің қызметтік іс-әрекеттеріне дереу кірісіп, жедел іс-қимылдарының арқасында уақыт оздырмай ұлын тауып берген Ұлттық ұланның әскери жасақ құрамына жоғалған 6 жастағы Бекнұрдың анасы шексіз алғысын білдірді.


Ұлттық ұлан "Оңтүстік" әскери қолбасшылығының баспасөз қызметінің хатшысы Айдос Байшағыров



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!