Қарағандыда үш адамды ажалдан құтқарған сарбаз марапатталды

Фотография - Қарағандыда үш адамды ажалдан құтқарған сарбаз марапатталды

Әскери қызметкер Азамат Мәкенов былтырғы күзде қызыл жалын ораған үй ішінен үш бірдей адамды құтқарып алған болатын.

207 0

Қарағанды облысындағы 52 859 әскери бөлімшесінің сарбазы Азамат Мәкенов "Төтенше жағдайдағы ерлiгi үшiн" төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы nv.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Әскери қызметкер Азамат Мәкенов былтырғы күзде қызыл жалын ораған үй ішінен үш бірдей адамды құтқарып алған болатын.

Азамат Мәкенов кешкісін жұмыстан үйіне қайтып келе жатқанында Московская көшесінде үйлердің бірінен өрт шыққанын байқап қалады. Кіші сержант ойланып жатпастан, жанып жатқан үйдің ішіне кіріп барып, екі адамды тысқа алып шығады. Сол кезде тағы бір әйелдің іште қалғанын естіп, бұл уақытта өрт құшағында тұтастай қалған үйге қайта кіреді. Осылайша ол үшінші адамды да ажалдан аман алып қалады.

Бейбіт күндегі осы ерлігі үшін Ұлттық гвардияның кіші сержанты Азамат Мәкенов Ішкі істер министрінің бұйрығымен "Төтенше жағдайдағы ерлiгi үшiн" төсбелгісімен салтанатты түрде марапатталды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!