Әл-Фарабиден жоғары орналасқан кешеннің жоғарғы қабаттары бұзуға жатқызылды

Фотография - Әл-Фарабиден жоғары орналасқан кешеннің жоғарғы қабаттары бұзуға жатқызылды

Алматы әкімі қаланың экологиясы мен "жабайы" құрылыстар бойынша кеңес өткізді

315 0

Алматыда Energy Green Home тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаттары алынып тасталады. Бұл туралы Алматы әкімдігінде өткен кеңес барысында белгілі болды, деп хабарлайды Today.kz

"Көрікті жобаларды үш қабатты етіп ұсыну керек. Президент өзен бойындағы құрылыстарды қатты сынға алды, ол жерлер селге қауіпті. Біз Әл-Фарабиден жоғары болып қайттық, ревизия өткіздік, техникалық кеңес өтті. Бүгін шешім шығарылады. Барлық құрылыс қаланы жақсы білетін мамандардың қатысуымен дауыс беру арқылы ғана салынады. Бізде жалпы бес мәселе бар. Қандай құрылыс салмау керектігіне мысал бұл - Energy Green Home. Біз құрылыс жүргізгендермен кездесіп, жоғарғы екі қабат бұзуға жатады деп шештік. Келесіде үйлер рұқсат етілген нормалармен ғана салынады", - дейді Бауыржан Байбек. 

Кездесу кезінде Әл-Фараби даңғылынан, шығыс айналма жолы мен Жандосов көшесінен жоғары жағына мұқият тексеру жасау керектігі айтылды. Құрысшылар аталған аудандардағы "ойға қонбайтын, жабайы" құрылыстарға қарсылығын айтты. Мамандар Алматы экологиясын жақсарту мен Әл-Фарабиден оңға қарайғы құрылыстар бойынша өз амалдарын ұсынды. Осылайша, Қазақстанның қала құрылыс одағының мүшесі Алтай Сатыбалдиев аталған даңғылдағы үйлердің биіктігі 12 метрден аспау керек деген ойын жеткізді.

Кеңес барысында Алматы әкімі биік ғимараттарды қаланың солтүстік, шығыс және батыс бөлігіне салуды ұсынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!