Елордада ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді

Фотография - Елордада ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді

Жәрмеңкеде Астана қаласының және Ақмола облысының жақын аудан тауар өндірушілері мен жеткізушілері өз өнімдерін ұсынады

202 0

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Ауылдың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі" акциясы аясында 29 ақпан - 6 наурыз аралығында күн сайын "Думан" ойын-сауық орталығы алдында (автотұрақ) ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді , деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде Астана қаласының және Ақмола облысының жақын аудан тауар өндірушілері мен жеткізушілері өз өнімдерін ұсынады. Негізгі азық-түлік өнімдерінің түр-түрі, атап айтқанда картоп, пияз және көкөністердің басқа түрлері, сонымен қатар қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады.

Жәрмеңкеде ұсынылған тауарлардың бағасы қалалық базарлардағы бөлшек сауда бағаларынан төмен болады. Өткізілу уақыты таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!