Павел Цыбулин: Мен елімді шексіз сүйемін

Фотография - Павел Цыбулин: Мен елімді шексіз сүйемін

Мен елімді сүйемін, себебі Қазақстан – менің Отаным. Бұл жерде менің атам, әкем, өзім және ұлым дүниеге келді. Мен Отанымды шексіз сүйемін!

312 0

Бүгін #МенЕлімдіСүйемін акциясына арналған телекөпір барысында "Kazsport" телеарнасының директоры Павел Цыбулин Отанына деген сезімін білдірді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Мен елімді сүйемін, себебі Қазақстан – менің Отаным. Бұл жерде менің атам, әкем, өзім және ұлым дүниеге келді. Мен Отанымды шексіз сүйемін", - деді қазақ тілінде Павел Цыбулин.

Айта кетсек, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған бүгінгі телекөпірге Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы қосылып, сол өңірлердің танымал адамдары мен тұрғындары тікелей эфирде Отанына деген сүйіспеншілігін жеткізді. Сонымен қатар, студиядағы еліміздің танымал азаматтары да жылы лебізін білдірді.  +

Айта кетсек, бүгін елімізде #МенЕлімдіСүйемін акциясы басталды. Акцияның мақсаты – өз Отаныңа деген махаббатың мен құрметіңді көрсету. Оған қатысу үшін Қазнет пайдаланушылары өз роликтерін түсіріп, жарияласа жеткілікті. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!