Жамбылдық шаруалар көктемгі егіске 90 пайыз дайын

Фотография - Жамбылдық шаруалар көктемгі егіске 90 пайыз дайын

Жамбыл облысындағы аудандардың көктемгі-далалық жұмыстарға әзірлігі 90 пайызды құрайды.

343 0

Тракторлар, комбайндар және басқа да техника дайындық сапына қойылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, жанар жағармай мен тұқымдық қор толық әзірленген. Қыс кезінде алқаптарда ылғал да жеткілікті жиналған.

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев аймақтың ауыл шаруашылығы жерлері тиімді пайдаланылмай отырғанына назар аударды. Мәселен, 2015 жылы 1100 гектар суармалы жер пайдаланылмай қалған.

Сонымен бірге, республиканың басқа аймақтарымен салыстырғанда жамбылдық алқаптардың түсімі төмен болып отыр. "Өткен жылы облыс бойынша дәнді дақылдардың түсімі гектарына 16 центнерді құрады, ал көршілес Алматы облысының «Байсерке» шаруашылығында гектар айналымы 90 центнерге жеткен. Жуалы ауданында картоп өсіруге толығымен қолайлы жағдайлар бар. Алайда, бұл дақылдың түсімі өте төмен, гектарына небәрі 25 центнерден келеді, ал табиғаты қатал Ертіс өңірінде бұл көрсеткіш 70 центнерге жуықтайды", – деп атап өтті Кәрім Көкірекбаев.

Сонымен қатар, ол: «Жамбыл облысының қолайлы климаттық жағдайлары сұранысқа ие өнімдерден жоғары егін жинауға мүмкіндік береді, ал тез пісетін дақылдардан екі реттен өнім жинап алуға болады. Аудан әкімдері, ауыл шаруашылығы мамандары бұл істе тиісті ыждағаттылық көрсетуі тиіс», – деп атап өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!