Бас мүфти Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысына қатысты

Фотография - Бас мүфти Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысына қатысты

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.

217 0

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлайды.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова, "Қоғамдық келісім" РММ директоры Н. Калашникова, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Е. Тоғжанов т.б.  қатысты. 

Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының "Үлкен ел – үлкен отбасы" жалпы ұлттық жобасын іске асыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының парламенттік жүйедегі өкілдігі: нәтижелері мен тәжірибесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттыққа кандидаттарды ұсыну мәселелері талқыланды.

Елеміздегі бірлікті сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарып отыр. Бұл ретте Ассамблеяның міндеті ұлтаралық қатынастарды үйлесімді ету болса, оның өзі мемлекеттің тұрақтылығын нығайту дегенді білдіреді. Сол үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімділігін әлем мойындап келеді.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!