Алғыс айту күні қоғамдық көлікте азаматтар тегін жүреді

Фотография - Алғыс айту күні қоғамдық көлікте азаматтар тегін жүреді

Елбасының бастамасын қолдай отырып, 1 наурыз – алғыс айту күні мерекесінде бір күндік қайырымдылық акциясын ұйымдастырып отырмыз

1163 0


Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1 наурыз — алғыс айту күні болып белгіленді. Қазақ халқына тән қайырымдылықтың, қамқорлық пен қонақжайлықтың нышанындай болған мереке қарсаңында облысымызда көптеген іс-шаралар мен қайырымдылық акциялары ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Ізгі істерді жүзеге асырудан өңірімізде жолаушылар тасымалдайтын облыстық тасымалдаушылар, автовокзалдар және автобекеттер қауымдастығы, "Южавтотранс", "Оңтүстіктранс Құлагер" қауымдастықтары да тыс қалмады.

— Елбасының бастамасын қолдай отырып, 1 наурыз – алғыс айту күні мерекесінде бір күндік қайырымдылық акциясын ұйымдастырып отырмыз. Облыс бойынша қалалық, қалааралық, аудандық, ауданаралық бағыттағы барлық қоғамдық көліктерде арнайы санаттағы азаматтар — Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл ардагерлері, зейнеткерлер, мүгедектер және көп балалы аналар тегін жүре алады. Ол үшін арнайы куәліктеріңізді көрсетсеңіз болды, — деді қауымдастықтардың атынан сөз алған облыстық тасымалдаушылар, автовокзалдар және автобекеттер қауымдастығының төрағасы Қалдарбек Атабеков. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!