"Ауыл" партиясы дойбыдан жарыс өткізді

Фотография - "Ауыл" партиясы дойбыдан жарыс өткізді

Партия төрағасының бірінші орынбасарының айтуынша, "Ауыл" партиясының негізгі мақсаттарының бірі де осы, ата-баба мұрасын жаңғырту

489 0

Бүгін Өскемен қаласындағы "Жекпе-жек" сарайында "Ауыл" партиясының ұйытқы борлуымен тоғызқұмалақ, дойбы және шахматтан жастар арасында жарыс өтті, - деп хабарлайды Baq.kz. 

Өскеменде іс сапармен жүрген Республикалық қоғамдық штаб өкілдері шараға қатысып, партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын жиналғандарға түсіндірді. Жарысқа қатысушылардың дені жастар. Сондықтан штаб белсенділері әңгіменің арқауын дәстүрлі құндылықтар мен қоғамның рухани дамуы тақырыбына ойыстырды.

"Ауылдықтардың" пікірінше, ұлттық тоғызқұмалақ ойыны баланың бойында ұлттық салт-дәстүрге деген құрметін оятады. Одан бөлек ой жүйріктігін қалыптастырып, ақыл-ойды шыңдап, ми қызметін дамытады. Сондықтан "Ауыл" партиясы алыс аймақтарда инфрақұрылымды дамыта отырып, спорт кешендерін салуға ерекше мән беретін болады. Себебі, спорт - жастарды жақсылыққа ғана тәрбиелейді.

Партия төрағасының бірінші орынбасары Т. Ғабділәшімовтың айтуынша, «Ауыл» партиясының негізгі мақсаттарының бірі де осы, ата-баба мұрасын жаңғыртып, дамыту. Оны келер ұрпаққа бүтіндей жеткізу. Себебі рухани дамымаған ұрпақ ел келешегі бола алмайды. Рухани түп тамырын жоғалтқан ел – ел бола алмайды. Ауыл партиясының сайлауалды бағдарламасы да ғаламдық жаһандану кезінде ұлттық салт дәстүрді сақтап, дамытуды көздейді.
Мұндай зияткерлік жарыстың пайдасын жиналған көрермен де мойындап отыр.

"Тоғыз құмалақты біздің ата-бабаларымыз ойлап тапқан. Олар баланың денесін ғана шынықтырып қоймай, ақыл-ойын дамытуға да ерекше мән берген. Бұл ойын қиын, бірақ соған қарамастан, балалар өте жоғары нәтиже көрсетті", - деді шараға қатысқан азаматтардың бірі.
Шараға қатысып, үздік атанғандарға "Ауыл" партиясы арнайы дипломдар табыстады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!