Елорданың көктемгі жаңаруы

Фотография - Елорданың көктемгі жаңаруы

Отырыс барысында қаралған қаланың тыныс-тіршілігінің маңызды мәселелерінің бірі санитарлық жағдайға қатысты болды

142 0

Бүгін елорда әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен қала әкімдігінде өткен аппарат отырсының басты тақырыбы Астананы абаттандыру болды, деп хаабрлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Отырыс барысында қаралған қаланың тыныс-тіршілігінің маңызды мәселелерінің бірі санитарлық жағдайға қатысты болды. Елорда басшысының атап өтуінше, ауа райының жылынуы көше инфрақұрылымын тазалап, тәртіпке келтіруге қолайлы болып тұр. Көктем келген соң коммуналдық қызметтерге және аудан әкімдіктеріне түсетін жүктеме артады, бұл ретте әрбір меншік иесі мен кәсіпкер өз объктісінің сырт келбетіне, әрбір ПИК – аула аумақтарына мұқият назар аударуы керек. Көктемгі жаңару қала ішінде де көрінуі керек.

Елорда әкімі көшені жарықтандыруға да тоқталып өтті. Ә. Жақсыбековтің айтуынша, энергоресурстарды пайдалану жолдарын қайта қарау керек. Қазіргі кезде Еңбекшілер көшесінде "Смарт көшені жарықтандыру" пилоттық жобасы енгізілді, электр энергиясын үнемдеу осы уақыттың ішінде 50 пайызды құрады. Пилоттық жобаны іске асыру туралы тиісті қорытындыдан кейін оны одан әрі кеңейту жөніндегі мәселе қаралады.

Қалалық билік жолаушыларды заңсыз тасымалдауға қатысты мәселелерде біржақты позицияны ұстанады. Адамдардың мазасын алатын такси жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзады және жүргізушілер үшін де, елорда тұрғындары мен қонақтарына да ыңғайсыздықтар тудырады, ал заңсыз жұмыс істейтін таксисттер жиналатын "стихиялық" орындар қалыпты жағдай ретінде қабылданады. Жергілікті полиция қызмтіне апталық рейд жүргізіп, тәртіп бұзушыларды жауапқа тартып, жолаушыларды заңсыз тасымалдау бойынша жағдайды түзету тапсырылды.

Сонымен қатар, Тілдерді дамыту басқармасына Сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірлесіп сыртқы жарнама мен "Тілдер туралы" заңды сақтау бойынша тағы да бір тексеру жүргізу тапсырылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!