Шымкентті көріктендіруге 700 мың түп гүл отырғызылмақ

Фотография - Шымкентті көріктендіруге 700 мың түп гүл отырғызылмақ

Оңтүстік Қазақстан облысына биыл көктем ерте келді.

160 0

 Ағаштар бүр жарып, бәйшешек гүлдеді. Осы табиғаттың әсемдігін одан әрі түрлендіру мақсатында қалада бірқатар жұмыстар атқарылуда. 

Мәселен, Шымкент аумағын көктем маусымына дайындап, көркейтіп, көгалдандыру үшін 2015-2016 жылдар аралығының қыс маусымында бірқатар жұмыстар жасалды. Атап айтатын болсақ, көктем маусымында ерте гүлдейтін 90 300 дана голландиялық қызғалдақ тұқымдары әкімшілік іскерлік аумағы мен «Қызғалдақ» су бұрқағы гүлзарына, қала әкімдігінің аумағына, «Ордабасы» алаңы мен «Кең баба» саябағының алдына отырғызылды. Ал, осы жылы қаланы көгалдандырып, көріктендіру үшін сәуір айының 20-нан бастап қала аумағына 700 мыңнан аса жаздық гүл көшеттері егіледі деп жоспарлануда. Көлемі 16 465 м2. жер теліміне яғни шаһардағы әкімшілік іскерлік аумақтары мен орталық қөшелерге, саябақтарға сондай-ақ, гүлзарларға петуния, шафран, тагетис, катарантус, сальвия сынды гүл көшеттерін отырғызу жоспарлануда.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!