Алматыда оқушыға қатал жаза қолданған мұғалім жұмыстан кетті

Фотография - Алматыда оқушыға қатал жаза қолданған мұғалім жұмыстан кетті

Мектеп қабырғасында жазаланған қыздың бейнеролигі Facebook парақшасында пайда болды.

1699 0

Оқушы қызды тақта алдына шығарып, орындықты басынан жоғары ұстап тұру арқылы жазалаған мұғалім жұмыстан шықты. Бұл туралы Today.kz тілшісіне Алматының білім басқармасынан хабарлады. Оқиға Алатау ауданының №151 мектебінде орын алған.

"30 қаңтарда жетінші сынып оқушылары телефон камерасына кешігіп келген оқушы қызға қатал жаза қолданылғанын түсіріп алған. 4 ақпанда оқушылар бейнероликті директорға көрсеткен. Өз кезегінде ол мұғалімді өзіне шақыртып, мән-жайды түсіндіруді талап еткен. Мұғалімге қатысты тәртптік шара қолданылды", - делінген хабарламада.

Білім басқармасында Динара Қожақан мектепке 2015 жылдың 1 қыркүйегінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа орналасқанын нақтылады. 2016 жылдың 5 ақпанында ол өз еркімен жұмыстан кеткен.

"Директордың орынбасарлары Ғ. Молдаханов және М. Қатубеков мұғалім тарабынан бұзушылыққа жол бергені үшін сөгіс алды. Оқу мекемесінің директоры А. Ошақбаев ескерту алды", - деп хабарлады білім басқармасынан.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!