Астанада Бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Фотография - Астанада Бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыссыз азаматтардың ішінен елордалық кәсіпорындар мен ұйымдарға қажетті кадрлар таңдау

204 0

2016 жылдың 3 наурызында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Бейбітшілік көшесі 25, "Өркен" іскерлік орталығы, 2-қабатта Астана қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" КММ өткізетін бос орындар жәрмеңкесінде 2000 аса жұмыс орны ұсынылады. Шараға 25 артық елордалық жұмыс беруші қатыспақ, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыссыз азаматтардың ішінен елордалық кәсіпорындар мен ұйымдарға қажетті кадрлар таңдау.

"Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде оқу орындарының түлектері жастар практикасынан өтуге, халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалар әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде Жұмыспен қамту орталығының мамандары Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша қайта оқыту және жаңа мамандық алудың мүмкіндіктері туралы кеңес береді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!