Петропавлда "Этно-Fashion" ұлттық киімдер фестивалі өтіп жатыр

Фотография - Петропавлда "Этно-Fashion" ұлттық киімдер фестивалі өтіп жатыр

СҚО-да өткен апта күн жылып, қара жердің кеудесі көрінген еді. Көктемнің алғашқы күні қар жауып, айнала қайтадан ақ көрпеге оранды.

545 0

Петропавл қаласында "Этно-Fashion" ұлттық киімдер фестивалі басталды. Алғыс айту күніне арналған шараға 10 ұлттың өкілдері қатысып жатыр. Олар өздерінің ұлттық киім үлгілерін көрсетіп, аспаздық өнерлерін де паш етуде. 

Солтүстік Қазақстанда өткен апта күн жылып, қара жердің кеудесі көрінген еді. Көктемнің алғашқы күні қар жауып, айнала қайтадан ақ көрпеге оранды. 

Таң сәріден орыс, татар, поляк, армян, түрік, еврей, неміс, украин және қазақтар өздерінің ұлттық киімдерін киіп "Достық" үйіне жиналды. Мұнда "Этно-Fashion" фестивалі өтіп жатыр. Байқауға қатысушылар жұп-жұпқа бөлініп, ұлттық киімдері мен тағамдарын паш етті. Сонымен қатар, ән салып, би билеп, шараның шырайын аша түсті. 

Айта кетейін, шара барысында қатысушылар 2-ге бөлініп сынға түседі. Бұл байқауда олар ұлттық киімдерінің ұқсастығын анықтайды. Және де бір-бірінің ұлттық тағамдарының атауын тауып, әндеріне би билейді.


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!