Ақмолада Алғыс айту күні айрықша атап өтілді

Фотография - Ақмолада Алғыс айту күні айрықша атап өтілді

Қор атынан ұжымға автобус, ойын алаңына қажетті жабдықтарды және медициналық құралдарды тапсырды.

307 0

 Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин "Достық үйінде" Алғыс күніне арналған шараларға қатысып, жұртшылықты ізгі мерекемен құттықтады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Шара барысында өңір басшысы этномәдени бірлестіктер дайындаған "Қазақ еліне тағзым" көрмесін тамашалап, "Алтын алқа", "Күміс алқа" медальдарын тапсырды. Сондай-ақ, көпбалалы отбасыларына сыйлықтар таратты. Ал 1 наурыз күні таңертең туған сәбилердің ата-аналарына гүл шоқтарын сыйлады.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов пен елімізге белгілі меценат Болат Өтемұратовтың "Асыл Мирас" қайырымдылық қорының директоры Марат Айтмағамбетовпен бірге Көкшетаудағы мүгедек балалардың медициналық-әлеуметтік сауықтыру мекемесінде болып, қор атынан ұжымға автобус, ойын алаңына қажетті жабдықтарды және медициналық құралдарды тапсырды.

Фото -

Дәл осындай шаттық шарасы Бурабай ауданының орталығы Щучье қаласындағы сәбилер үйінде де өткізіліп, мекемеге "Асыл Мирас" қоры мен Rixos Borovoe бес жұлдызды қонақ үйінің атынан шағын автобус пен медициналық жабдықтар сыйға берілді.

"Асыл Мирас" қорының директоры Марат Айтмағамбетов бұл қаржының 2015 жылғы 30 тамызда Rixos Borovoe қонақ үйінде өткізілген қайырымдылық акциясы шарасында жиналғанын және мұндай қолдау жуық күндерде Қызылорда қаласындағы екі бірдей әлеуметтік нысан ұжымына да көрсетілетінін айтты.

Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!