Жыл басынан бері Астанада үш мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Фотография - Жыл басынан бері Астанада үш мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 1069 адамды жұмысқа орналастырды

241 0

Биыл Астанада 19 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. 1 наурыздағы жағдай бойынша жылдық жоспардың орындалуы 17% асты, нақтырақ айтқанда, 3265 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 245-і – өнеркәсіп, 692-сі – сауда, 175-і – көлік және байланыс, 490-ы – білім және денсаулық сақтау, 498-і – құрылыс және коммуналдық шаруашылық саласында болса, қалған 1165-і – экономикалық қызметтің басқа түрлеріне жатады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 1069 адамды жұмысқа орналастырды. Жастар тәжірибесінен өтуге 187 түлек жіберілді, 26 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

Айта кетейік, 3 наурызда Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында (Бейбітшілік к-сі, 25, сағат 10:00-13:00) бос орындар жәрмеңкесі өтеді, онда 2000 жуық жұмыс орны ұсынылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!