Дима Биланның продюсері мен Куба милионерлері қазақстандық баланың емін төлеген

Фотография - Дима Биланның продюсері мен Куба милионерлері қазақстандық баланың емін төлеген

Емге қаржыны Ғаламтор арқылы табылды

339 0

Бір жасқа енді толған балақайда өте сирек диагноз – Вискот-Олдрич синдромы анықталған, деп жазады Today.kz.

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі баланың Үндістанда емделуіне квота бөлген. Дегенмен, баланың ата-анасы бұл елде ем қабылдау сырқатты ушықтырады деп есептеп, Еуропаға бару үшін қаржы жинауға кіріскен. Алайда, кейін олар Италияда ем алу құны 150 мың еуро тұратындығын білген. Бұл қаржыны олар өздері жинай алмаған.

"Волонтерлер Instagram арқылы Яна Рудковскаяға хабарласқан. Сонымен бірге белгілі блогер Наталья Давыдова мен модель Наталья Якимчик те өз үлесін қосты. 7 қаңтарда Рудковскаямен кешкі ас ішу аукционы өтті. Нәтижесінде екі адам бірдей сомма ұсынды. Яна екеуімен де кешкі ас ішіп, жиналған 42 мың долларды Богданның еміне аударған", - дейді баланың анасы Екатерина Соснина.

Бұл уақытта клиника баланы қабылдаудан бас тартады. Енді Минскіде ем алу мүмкіндігі туындайды, ал ол жерде еме алу 170 мың доллар. Ал отбасында әлі 60 мың доллар жетпей тұрған. Блогер Наталья Давыдова осы сомманы тауып беруге уәде текен, бірақ осы уақытта Германиялық клиникадан жауап келеді.

"Ол жерде бізге емдеу 255,1 еуро болады деді. Бұл аурухананың нәтижелері жақсы. Онда белгілі профессор Кляйн қызмет етеді. Ол дәл осы синдромды емдеуге маманданған. Біз тағы қаржы жинауға кірістік. Ол уақытта 90 мың еуро жетпей тұрған. Бір кезде өте ұзақ нөмірден қоңырау шалынды. Телефон тұтқасын ұстаған адам өзін Марина деп таныстырып, емделуге жиналыңыздар деді", - дейді Екатерина Соснина. Ол кезде әйел бған сенбей, біреудің ауыр әзілі деп ойлаған.

Кейін оған "Солнце в ладошках" қайырымдылық қорынан хабарласып, расында да Марина, Константин мен Александр атты демеушілер көмектесуге дайын екендігін жеткізген.

"Мен олардың аты-жөндерін де толық білмеймін. Оларды Кубада тұратынын және ТМД елдеріндегі балаларға көмектесуі алғаш еместігін ғана естідім", - дейді әйел.

Қазір балақай мен анасы жол жүруге дайындалуда. Германиялық клиникадан қаржы түскендігін растаған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!