Қарағандыда "Біз мәңгілік жасаймыз!" атты форум өтті

Фотография - Қарағандыда "Біз мәңгілік жасаймыз!" атты форум өтті

Таяу күндері "Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 ізгі іс!" акциясы басталады

245 0

Қарағандыдағы "Достық үйінде" Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған "Біз мәңгілік жасаймыз!" атты форум өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.

"Жыл бойы облыста мерейтой бағдарламасына сай 500-ден астам шара өтеді. Таяу күндері "Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 ізгі іс!" акциясы басталады, оның аясында 33-тен астам әлеуметтік нысан ашылады. Индустрияландыру картасы жобалары іске қосылып, көптеген қайырымдылық акциялары және басқа да маңызды іс-шаралар өткізу жоспарланған", – деді форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Фото -

Сондай-ақ, өңір басшысы бұл форумның жаңа мереке – Алғыс айту күні өтуінің ерекше мәні бар екенін атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктер атынан Алғыс айту күнімен жиналғандарды "Полония" поляк қоғамының төрағасы Виталий Хмелевский құттықтады. Ол тарихтың ауыр кезеңдерінде қазақ халқының тағдыр талқысына ұшыраған талай ұлыс баласын бауырына басқанын айта келіп, олардың шынайы алғыс сезімдерін жеткізді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!