Алматыда бірнеше балабақша ашылып, көрікті орындар қалпына келтіріледі

Фотография - Алматыда бірнеше балабақша ашылып, көрікті орындар қалпына келтіріледі

Биыл қаладағы Сәбит Мұқанов гүлбағын қайта қалпына келтіру жұмыстарына кіріседі.

368 0

Бүгін Алматыда қала әкімдігі мен "Хэмко" ЖШС, "Кумпулан Қазақстан" ЖШС және "Кәрім" ЖШС арасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қол қойылған келісімге сәйкес, қалада 3 балабақша құрылысы мен бір гүлбағын қайта құру жобалары жүзеге асырылады.    

"Кәрім" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жасалған Меморандум аясында Алмалы ауданында 2016-2017 жылдары аралығында 150 орындық 2 балабақша салу жоспарланған. Жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатын инвестиция көлемі - 440 млн. теңгені құрайды.  

Одан басқа, "Хэмко" компаниясымен арадағы келісімге сәйкес, Наурызбай ауданында 320 орындық жаңа балабақша пайдалануға беріледі. Инвестиция көлемі - 300 млн. теңге.  Бұл балабақшада 20 орын әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың балаларына беріледі.

Сондай-ақ, аталмыш компания Меморандум аясында биыл қаладағы Сәбит Мұқанов гүлбағын қайта қалпына келтіру жұмыстарына кіріседі. Бұған 200 млн. теңге жұмсалмақ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!