Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылды

Фотография - Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылды

Бұл биыл өткізіліп отырған алғашқы бос орындар жәрмеңкесі.

217 0

Бүгін Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында тұрғындарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шара барысында 25 тарта жұмыс беруші екі мыңға жуық жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бұл биыл өткізіліп отырған алғашқы бос орындар жәрмеңкесі. Онда "Целингидромаш" ӨК, "2Day Telecom" ЖШС, "ПИК "Ютария LTD" ЖШС, "Монолит" ЖШС, "СМЭУ Астана" ЖШС, "Rixos President Astana" қонақ үйі, "Цеснабанк" АҚ, "Алма ТВ" ЖШС, "Астана-Зеленстрой" АҚ, "Астана-Теплотранзит" АҚ, "Uniserv" ЖШС, ҚР ІІМ Астана қаласының "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы" және т.б. ұйымдар бос жұмыс орындарын ұсынды.

"Биыл он бос орындар жәрмеңкесін өткізу көзделген. Тиісті шаралардың нәтижесі бар. Бұл жұмыс берушілер үшін де, жұмыс іздеушілер үшін де ыңғайлы. Бір сағаттың ішінде 20 жұмыс берушімен әңгімелесуге болады, бір күннің ішінде жұмыс берушілер жүздеген түйіндеме жинайды. Бұл ыңғайлы. Біз жай жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші үшін қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін алаң ұсынамыз", – деді Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар.

Бүгін елордалық жұмыс берушілер білім, денсаулық сақтау, құрылыс, қызмет көрсету салалары бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды, сондай-ақ техникалық мамандарды да жұмысқа шақырды.

Еске салайық, өткен жылы елордалық Жұмыспен қамту орталығы 13 бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырған, соның нәтижесінде 6 мыңға жуық қала тұрғыны жұмысқа орналаса алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!