Астанада "Көктем-2016" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті

Фотография - Астанада "Көктем-2016" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті

Практикалық жаттығулар "Жағалау" шағын ауданында №81 мектеп-гимназиясы аумағында ұйымдастырылды.

322 0

Бүгін көктемгі су тасқынына дайындық шеңберінде Астана қаласы ТЖ департаменті республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізді.

Оқу-жаттығулар Астана қаласының Железнодорожный кентінде  өтті. Аталмыш оқу-жаттығулардың Орталық республикалық штабы Ақмола  облысында орналасқан.

Практикалық жаттығулар "Жағалау" шағын ауданында №81 мектеп-гимназиясы аумағында ұйымдастырылды. Шара барысында ТЖ департаментінде аудан әкімдерінің өкілдерімен, Астана қаласы ТЖ және АҚ қызметтерінің басшыларымен ұйымдастырушылық тапсырмалар, дайындық жоспарын талқылау бойынша кеңестер өткізілді.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

Оқу-жаттығуларды өткізу барысында жедел әрекет ететін авариялық-құтқару жасақтарының, Астана қаласы АҚ қызметтерінің, ТЖД, ІІД бөлімшелерінің, ҚР Ұлттық гвардиясының 5573 әскери бөлімінің дайындығы қаралды.

– "Көктем-2016" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары нақты су тасқыны болған қала қызметтерімен жедел іс-әрекетті нақыштау және  опат болу мен зардап шығындарын болдырмау мақсатында өткізіледі. Биыл шараға жеке құрамнан 114 адам мен 34 техника бірлігі жұмылдырылып отыр. Қаламыздың қызметтері кез келген уақытта дереу әрекет етуге қашанда даяр болулары тиіс, - деді Астана қаласы ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Барат Дұзақбаев.

Авариялық-құтқару жасақтары құмға толы қаптардан қорғаныс үйінділерін жасауды көрсетті; қар тазалау және шығару, су тасқыны орын алған жерлерден суды сорып алу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ зардап шеккендерге жылыту мен тамақтандыру пунктерін ұйымдастыру, төтенше жағдай орнынан адамдарды қауіпсіз жерге көшіру, істен шыққан электр желілерін қалпына келтіру, адамдарды мұз құрсағынан құтқару жұмыстарын орындады.   

astana.gov.kz 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!