Шымкенттік профильдер шетелге шығарыла бастады

Фотография - Шымкенттік профильдер шетелге шығарыла бастады

Зауыттағы қажетті жабдықтардың барлығы Түрік елінен әкелінген.

331 0

Өткен жылы жұмысын бастаған "GOLD" Алюминий Пластик Қазақстан" кәсіпорны жылына 3 мың тонна профиль шығаруға қауқарлы.  

Бұл - Қазақстан кәсіпкерлерінің түрік инвесторларымен бірге қолға алған бірегей жобасы, деп хабарлайды Bnews.kz. Бүгінде дайын өнім тұтынушылардың айрықша сұранысын тудырып отыр. Айта кету керек, бұл өндіріс орнының Қазақстанда ғана емес, Орта Азияда теңдесі жоқ. Зауыттағы қажетті жабдықтардың барлығы Түрік елінен әкелінген. Заманауи технология құрылыс саласына аса қажет әрі сапалы профильдер шығаруға мүмкіндік беріп келеді. Ал, шикізат солтүстіктен тасымалдануда. "Бізде шикізатты Павлодардың алюминий зауытынан алып шығарамыз. Бүгінде 200 тонна сатып алдық. Тағы 2000 тонна алу жаспарымызда бар. Келешекте Қазақстаннан бөлек Орта Азияны қамтамасыз етеміз деген ойымыз бар. Қазір мұнда есік-терезенің 800-ден астам қосалқы бөлшектері шығарылады", - дейді кәсіпорын директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Фурхат Жуманов. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!