Елордада мереке күндері қайырымдылық шаларар өтеді

Фотография - Елордада мереке күндері қайырымдылық шаларар өтеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 5-8 наурыз аралығында "Внеси цвет в жизнь детей!" қайырымдылық шарасы өтеді.

1072 0

Мереке күндері астаналықтар қайырымдылық шараларға қатысып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады.

6-8 наурызда Astana Mall сауда, ойын-сауық орталығында "Әйелдерге гүлдер, балаларға балмұздақ" көрме-жәрмеңкесі өтеді. Шара күн сайын сағат 10:00 басталып, 21:00 дейін жалғасады. Жәрмеңкеде жиналған қаржы ДЦП-мен ауыратын және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қайырымдылық көмекке жұмсалады.

Қала тұрғындары отбасыларымен демалып, қиыр және таяу шетелден келген сарапшылардың шеберлік-дәрістеріне қатыса алады, қызықты тауарлар мен бүкіл отбасыға арналған киімдер сатып ала алады, сондай-ақ, балаларға арналған интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылады. Көрме-жәрмеңкеде 67 компания тоғыз сала бойынша өз өнімін ұсынады.

Сонымен қатар, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 5-8 наурыз аралығында "Внеси цвет в жизнь детей!" қайырымдылық шарасы өтеді. Күн сайын сағат 09.00-18.00 аралығында "Сарыарқа" сауда, ойын-сауық орталығының алдындағы тұрақта волонтерлар елордалықтарға әдемі қызғалдақтар ұсынады. Гүл шоқтары нарықтық бағамен сатылады, бірақ түскен қаржы ауыратын балалар үшін оңалту қондырғысын сатып алуға жұмсалады.

Ал 6 наурызда қала тұрғындары сағат 12.00-17.00 дейін «Бочонок» мейрамханасында (Республика даңғылы, 33А)күні жетпей туылған балаларға киім тоқу үшін жиналады. Дайындалған бұйымдар Қазақстан бойынша неонатология бөлімдеріне таратылады. Адамдар өздерімен бірге жіп (100% жүн немесе балаларға арналған кез келген жіп) пен шұлық тоқуға арналған біз ала келуі керек.

Осы күні "Рахмет" сауда орталығында үшінші қабатта сағат 14.00-20.00 дейін мерекелік қайырымдылық жәрмеңке өтеді. Елордалықтар қолдан жасалған бұйымдарды, кәдесыйлар, кітаптар, ойыншықтар сатып ала алады. Сонымен қатар, балалар үшін қызықты шеберлік дәрістері өткізіледі. Жиналған қаржы Астана қаласы балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көмекке және мерекелер ұйымдастыруға жұмсалмақ.

astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!