ОҚО-да іздестіріліп жүрген Нодира Еркінова Астанада өзге ат жамылып, жасырынған

Фотография - ОҚО-да іздестіріліп жүрген Нодира Еркінова Астанада өзге ат жамылып, жасырынған

Бұл туралы Астанананың кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығынан хабарлады

843 0

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылының жоғалып кеткен 15 жасар тұрғыны Нодира Еркінова Астанадан табылды. Анықталғандай, қыз бала үйінен өз еркімен кетіп қалған, деп жазады Today.kz Астанананың кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығына сілтеме жасай отырып.

Нодираның айтуынша, ол астанаға 29 ақпанда келген. 2 наурызда оның басы қатты ауырады да, ол такси ұстап ауруханаға жеткізуін сұрайды. Алайда ол жолда есінентанып қалады, кейін жедел жәрдем ішінде есін жиған. Дәрігерлер Нодираны травматология бөліміне жатқызып, полицияны және кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторды шақырған. Олар Нодира туралы ешқандай мәліметі болмағандықтан, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына апарған.

Қыз бала полицейлерді Ақниет Қонысбековамын, 2000 жылы дүниеге келгенмін деп шатастырған. Оның үстіне, есімді жартылай жоғалтып алғанмын – алты ай бойы Астана жертөлелерінде өмір сүрдім деген өтірік айтқан.

"Бір күн өте ол бәрін мойындады. Оның айтуынша, ата-анасы жиі ұрсысады екен. Қыздың ата-анасы оның табылғанынан хабардар. Нодираның анасы жүкті екен, қызының жоғалғанын білген сәтте өзін нашар сезініп, оны ауруханаға жатқызуға тура келген. Астанаға қызды алып кетуге мектеп психологы мен іздеу бөлімшесінің қызметкері келеді", - дейді Астананың Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиешісі Айгүл Болатхан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!