"Көк Төбе" паркінде жаңа аспалы жол ашылды

Фотография - "Көк Төбе" паркінде жаңа аспалы жол ашылды

Қала тұрғындары мен қала қонақтары Наурыз мейрамында ойын-сауық құра алады.

1115 0

"Көк Төбе" паркіндегі аспалы жол ресми түрде ашылды. Салтанатты ашылуға қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы аспалы жолды қайта құру жұмыстары басталған еді. Бүгіннен бастап алматылықтар мен қала қонақтарын тау басына жаңа үлгідегі сегіз орынға арналған жайлы кабина жеткізіп салатын болады. Жаңа жолдың ұзындығы 1620 метрді құрайды, жолды 6 тірек көтеріп тұр (ескі аспалы жолда 3 тірек болатын). Мұнда әрқайсына 8 адам сыятын 17 "Diamond" жайлы кабина орналасқан. Жол сағатына 750 адамды тасымалдай алады.  

Төменнен жоғары көтерілуге 5 минут уақыт кетеді.

Аспалы жол балаларымен жүрген жолаушылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы. Айталық, бесік арбаны алып кіру үшін кабинадағы орындықтарды жинап қоюға болады.  

Фото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз Толеке



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!