Елорда тұрғындарына су тасқынына жол бермеу іс-шаралары түсіндірілді

Фотография - Елорда тұрғындарына су тасқынына жол бермеу іс-шаралары түсіндірілді

"Есіл" ауданында су басу қаупі бар 10 аудан белгіленіп, қазіргі кезде қосымша тексерулер жүргізіліп жаты

225 0

Астана қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері "Жас құтқарушы" клубының оқушыларымен су тасқынының алдын-алу бойынша түсіндіру жұмысын ұйымдастырды.

"Көктемгі су басу - қауіпті табиғи апаттардың бірі және тұрғындар үшін асқан қауіп-қатердің бір түрі. Табиғи апаттардың барлығын болжау мүмкін емес. Сондықтан бұл апатқа аса дайындықпен дұрыс әрекеттер жасау қажет", - деп хабарлайды Астана қаласының ТЖД -на сілтеме жасап Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шара барысында "Заречный" кентінің тұрғындарына көктемгі су тасқыны мен өрт қауіпсіздігі тақырыбында жадынамалар таратылып, төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер туралы айтылды.

"Есіл" ауданында су басу қаупі бар 10 аудан белгіленіп, қазіргі кезде қосымша тексерулер жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Департамент қызметкерлері су басу қаупі төнген кезде қажетті әрекеттерді қолға алу бойынша түсініктеме жұмыстарын ұдайы жүргізеді. Насихаттық материалдар таратып, ПИК өкілдері мен тұрғындармен кездеседі, аулаларды аралап, үй иелерін тұрғын үйлердің аулаларын қардан уақытылы тазарту қажеттігі туралы ақпараттандырады.

Сонымен қатар, су тасқынына жол бермеу үшін жеке меншікті сектор тұрғындарына ауладағы қарларды алдын-ала тазалау, ауладан ағатын судың еркін өтуі үшін бар арықтарды тазалау және жасау, сондай-ақ, судан қорғану құралдарын құмды, топырақ қаптарымен жасау қажет екендігін ескертеді.

Сонымен қатар, құтқарушылар жеке меншікті тұрғын үйлердің тұрғындарын кенеттен болған және тасқынды су басу болған жағдайда отбасы құрамын қауіпсіз жерге жекелеп және ұйымдастырылып шығу ережесімен танысуға шақырады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!