Бүгін Алматыда жаңа аспалы жол іске қосылды

Фотография - Бүгін Алматыда жаңа аспалы жол іске қосылды

Алматыда Көктөбе аумағында аспалы жол ашылды.

448 0

Бүгіннен бастап алматылықтар мен қала қонақтарын тау басына жаңа үлгідегі сегіз орынға арналған жайлы кабина жеткізіп салатын болады. Жаңа жолдың ұзындығы 1620 метрді құрайды, жолды 6 тірек көтеріп тұр (ескі аспалы жолда 3 тірек болатын). Мұнда әрқайсына 8 адам сыятын 17 "Diamond" жайлы кабина орналасқан. Жол сағатына 750 адамды тасымалдай алады.

Төменнен жоғары көтерілуге 5 минут уақыт кетеді.

Аспалы жол балаларымен жүрген жолаушылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы. Айталық, бесік арбаны алып кіру үшін кабинадағы орындықтарды жинап қоюға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы аспалы жолды қайта құру жұмыстары басталған еді.


BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!