Түркістан әкімі қоластындағы қызметкерлерінің аналарын шақыртып алды

Фотография - Түркістан әкімі қоластындағы қызметкерлерінің аналарын шақыртып алды

Салтанатты шарада тек мемлекеттік қызметкерлердің аналары ғана емес, өзге де батыр аналар қатысты.

308 0

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев қоластындағы қызметкерлерінің аналарын шақыртып алып, мерекемен құттықтады, деп хабарлайды аймақтағы nur.kz тілшісі.

Қала басшысы бұл әрекеті арқылы мемлекеттік қызметте уақытпен санаспай жұмыс жасап жүрген азаматтарды өмірге әкеліп, тәрбиелеген алтын құрсақты аналарға шынайы алғысын жеткізгісі келіпті. Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға арнайы келген аналар әкімнің бұл бастамасына дән риза.

Салтанатты шарада тек мемлекеттік қызметкерлердің аналары ғана емес, өзге де батыр аналардан бастап, ел игілігі жолында қызмет еткен зейнеткерлер және түрлі салаларда абыроймен еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қатысты.

Қожахмет Яссауи атындағы оқу ордасының мәдениет сарайында өткен шарада сөз алған әкім аналар мен қыз-келіншектердің өмірде алар орны туралы ерекше тоқталып, жылы лебізін жеткізді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!