ҚХА әйелдер қауымын халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Фотография - ҚХА әйелдер қауымын халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Қазақстан халқы Ассамблеясы әйелдер қауымын 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

370 0

Қазақстан халқы Ассамблеясы әйелдер қауымын 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Bnews.kz.

Құрметті әйелдер қауымы! 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бүгінгі таңда қазақстандық қоғам өміріндегі Сіздердің алар орныңыз зор. Сіздер кез келген қызмет саласында нәтижелі жұмыс жасап, әлеуметтік, саяси және азаматтық жетістіктің керемет үлгісін көрсетіп отырсыздар.
Аяулы нәзік жандар, Сіздер әлемге мейірімділік пен ізгілік шуағын шашып, адам баласы үшін ең қасиетті ұғым – жаңа өмір мен махаббат сыйлайсыздар, ұрпақ тәрбилеп, отбасы берекесін келтіресіздер.
Бүгін сіздер осынау ұлы борышты көппен бірге өтеу үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесіне бірігіп отырсыздар.
Ауыр да жауапты міндетті орындай отырып, Сіздер үнемі нәзік те сүйкімді, биязы әрі ақкөңіл жан болып қала бересіздер.
Биыл біз 1 наурыз күні ел тарихында алғаш рет Алғыс айту күнін атап өттік. Бұл мейрам бір отбасыдай өмір сүріп келе жатқан біртұтас Қазақстан халқының өзара сенімі мен ризашылығының, зор құрметі мен өзара түсіністігінің жоғары деңгейін көрсетті.
Қадірлі аналар, апа-сіңлілер, қыз-келіншектер, Сіздердің арқаңызда біз бір-бірімізге жылулық сыйлайтын руханият қайнарына бағыт алып, мейірімділік пен ізгілік жолын ұстанып келеміз.
Осынау тамаша көктем мерекесінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде салтанат құрып отырған бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы бағасыз еңбектеріңіз үшін Сіздерге зор құрмет білдіріп, барлық отандастарымыз атынан мың алғыс айтады.
Сіздерге мықты денсаулық, әйел бақытын, отбасыларыңызға береке-бірлік, амандық тілейміз!



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!