Жасұландықтар 8 наурыз мерекесіне орай "шаффл" стилінде би биледі

Фотография - Жасұландықтар 8 наурыз мерекесіне орай "шаффл" стилінде би биледі

Жас ұландықтар 8 наурызға арналған би құттықтауын әскери мектебіндегі барлық тәрбиеленушілердің аналарына арнады.

1256 0

"Жас ұлан" мектебінің тәрбиеленушілері 8 наурыз мерекесіне орай  сегіз санын салып сап түзеп, "шаффл"  стилінде би биледі деп хабарлайды ҚРқорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомстводан хабарлағандай, аға буыннан Сағадат Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері де қалысқан жоқ.

"Болашақ әскери қызметкерлер атақты әлемдік би трендін қолдап, «шаффл» стилінде би биледі. Би соңында 200-ге жуық бозбала сегіз санын салып сап түзеді",-делінген хабарламада.

Жас ұландықтар 8 наурызға арналған би құттықтауын әскери мектебіндегі барлық тәрбиеленушілердің аналарына арнады.


newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!