Алматыда меңгерушісі терезеден секіре қашқан мекемеге комиссия тексеру жүргізеді

Фотография - Алматыда меңгерушісі терезеден секіре қашқан мекемеге комиссия тексеру жүргізеді

Комиссия бухгалтерлік тексеріс те өткізбек

444 0

Алматыда білім басқармасының арнайы комисиясы ата-аналардан қашып, терезеден секіріп кеткен балабақша директорының ісінен кейін балаларға арналған коррекциялық мекемеге тексеріс өткізеді, деп жазады Today.kz. Бұл жайт Алматының Түркісіб ауданындағы жүру мен көру қабілеті нашар балаларға арналған мектепке дейінгі мекемеде болған.

Тағайындалған арнайы комиссия туралы Алматының Түркісіб ауданы білім беру бөлімінің бастығы Айсұлу Ботаева мәлімдеді. Комиссия мүшелері қатарында білім беру мамандары, бухгалтер және пианино маманы бар.

"2016 жылдың 1 наурызындағы №48 жарлығының негізінде Білім беру басқармасы қалалық комиссиясын құрды. Қазіргі кезде ол балабақшаға тексеру жүргізуде, тамақ мәзірін де қарауда. Нәтижелер бойынша қажетті шаралар қолданылады. 15 наурызда білім беру басқармасының кеңейтілген отырысы өтеді, ол жерде тексеріс нәтижелері оқылады", - дейді Ботаева. 

Тексеру кезінде балабақша штаттық режиде жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта ата-аналардың ескертулерінен кейін терезеден қашқан меңгеруші жұмыс орнында.

Айта кетейік, Алматының Түркісіб ауданында жүру мен көру қабілеті нашар балаларға арналған мектепке дейінгі мекеменің айналасында дау шықты. Ата-аналар мекемеде аула сыпырушының жоқтығы мен тамақтың тым нашарлығына шағымданған.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!