Астанада тек қана отандық тауарларды саудалайтын дүкен ашылды

Фотография - Астанада тек қана отандық тауарларды саудалайтын дүкен ашылды

Бүгінге дейін бұл дүкенмен Павлодар облысы мен Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері нақты келісім шарт жасасқан.

307 0

Астанада тек қана Қазақстанда жасалған тауарларларды ғана сайдалайтын әлеуметтік дүкен ашылды. Елімізде алғаш ашылған бұл дүкен сөрелеріне бүгінгі таңда 2 мыңнан астам өнім түрлері қойылған.

"Біздің дүкеннің басты ерекшелігі – бағаларымыздың нарықтан 10-15 пайызға төмендігі және саудаланатын тауарларымыз түгел-дерлік өз елімізде жасалған қазақстандық тауарлар екендігі. Бұл біздің бәсекеге қабілеттілігімізді арттыра түседі",-  дейді дүкен иесі Рахима Ғазизова.

Сондай-ақ, салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті Жібек Әжібаева болса, қазіргі кезде дүкенде 70-тен астам тауарөндірушілермен келісім жасалғандығын айтты.

"Бүгінге дейін бұл дүкенмен Павлодар облысы мен Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері нақты келісім шарт жасасты. Яғни, 70-тен астам тауарөндірушілер өз өнімдерін осы дүкенге дейін жеткізіп беруде. Бұл көрсеткішті алдағы күндері Солтүстік Қазақстан мен Ақмола және Қостанай облысының кәсіпкерлерімен толықтыра түсеміз",- дейді ол.

Мамандардың айтуынша, келешекте республикамыздағы ірі қалалардан осындай 22 дүкен ашу жоспарланған көрінеді. Олардың сөзінше, мұндай қадам "Қазақстанда жасалған" тауарларды насихаттай отырып, оның танымалдығын арттыруға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тиігізеді екен.

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!