Қазақстанда 8 наурыз күні ерлер 9 миллион әйелді құттықтайды екен

Фотография - Қазақстанда 8 наурыз күні ерлер 9 миллион әйелді құттықтайды екен

Ақпарат көздеріне сүйенсек, халқымыздың 51,7%-ын әйелдер қауымы құрап отыр. Яғни елімізде 9 003 200 әйел бар.

798 0

Халықаралық әйелдер күнінде еліміздің ер азаматтары 9 миллион әйелді құттықтау керек, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті. 

Ақпарат көздеріне сүйенсек, халқымыздың 51,7%-ын әйелдер қауымы құрап отыр. Яғни елімізде 9 003 200 әйел бар.

Қазақстандық әйелдің орта жасы – 33. Жас қыздардың көбі ауылды жерлерде тұрады: олардың ішінде орта жас 31,7 екен. Ал қалалық әйелдердің орта жасы 34,2 екені анықталды.
Тағы бір қызықты дерек: мемлекетіміздегі ЖІӨ-нің 40 пайызы кәсіпкер әйелдердің үлесінде екен.

Іскер әйелдер еліміздегі шағын және орта бизнестің 41,5 пайызын басқарып отыр. Сол кәсіпорындардың арқасында 800 мың азамат жұмыспен қамтылған. Яғни осы салада ұсынылатын жұмыс орындарының 30 пайызын кәсіпкер арулар ашып отыр.

Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің 57 пайызын әйелдер құрайды. Министрлердің 16 пайызы, ҚР парламенті Мәжілісінің мезгілінен бұрын тараған құрамының 3 пайызы, облыстық және қалалық сайлау мекемелерінің 22 пайызы әйелдерден құралған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!