"Арақ ішкен" балалардың бейнеролигі бойынша сараптама нәтижелері белгілі болды

Фотография - "Арақ ішкен" балалардың бейнеролигі бойынша сараптама нәтижелері белгілі болды

Полиция істі тоқтатты

723 0

Астана полициясы әкесі қыздарын арақ ішуді үйретіп отырған Ғаламтордағы бейнеролик бойынша сотқа дейінгі тергеу амаладрын жүргізді, деп жазады Today.kz қаланың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай оытрып.

Today.kz редакциясының ресми сұранысына ведомствода аталған фактінің Сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне ҚР ҚА 133-бабы "Кәмелетке толмағандарды естен айыратын заттар пайдалануға, таксикоманияға, немесе спиртті ішімдіктерді бірнеше рет қолдануға тарту" бойынша тіркелгенін хабарлады.

"Кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімікті пайдаланғанын анықтау үшін МӘРО-да медециналық куәләндіру жасалды. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындалды. Сараптама нәтижелері бойынша спирттік ішімдік ішу дәлелденген жоқ. Қылмыстық іс ҚР ҚПК 35-бабы 1-тармағының 2 тармақшасы негізінде тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Келесіде мұндай фактілердің қайталанбауы үшін ата-аналармен алдын алу жұмыстары жүргізілгені айтылды.

Даулы бейнеролик Facebook парақшасында қаңтар айында пайда болып, пайдаланушылардың наразылығын тудырды. Роликте екі кішкентай қы әкесінің құйып берген арақ бөтелкесінен ішімдік ішкені түсірілген.

Кейін анықталғандай, отбасы Астана қаласынан болып шықты. 34 жасар бейнролик кейіпкері бейнежазбаны Ғаламторға орналастрған адамды жауапқа тарту үшін полицияға барған. Полицейлерге ол арақтан босаған бөтелкеге минералды су құйып, қалжыңдағанын айтқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!