8 наурыз күні ақтөбелік қыз-келіншектер автобуста тегін жүреді

Фотография - 8 наурыз күні ақтөбелік қыз-келіншектер автобуста тегін жүреді

Бүгін өңір басшысы Жастар сарайына ақтөбелік 900 ару мен ақ жаулықты ананы шақырып, құттықтады.

925 0

8 наурыз күні 200-ден астам ақтөбелік қыз-келіншек қоғамдық көлікте тегін жүреді. Бұл ұсынысты облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтып, тасымалдаушы "Автопарк" пен "Ақтөбе жолаушылар тасымалы кәсіпорны" ЖШС-і қолдады. Сонымен қатар, бүгін өңір басшысы Жастар сарайына ақтөбелік 900 ару мен ақ жаулықты ананы шақырып, құттықтады, деп хабарлайды Bnews.kz.

Ақтөбеде "Әлем  әйелдермен әдемі" атты салтанатты шара өтті. Жастар сарайына 900-ден астам аяулы ана, көпбалалы ана, қоғамда белсенді арулар шақырылды. Бұл жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, ақтөбеліктерді мерекемен құттықтады.

"Қазақтың тарихында көркіне ақылы сай аруларымыз көп болған. Сол батыр қыздардың ұрпағы, жалғастырушысы сіздер. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, дүниедегі қарапайымдылық, кішіпейілділік, ұлтжандылық ананың сүтімен, ананың ниетімен балаға дариды. Әйел тек өз отбасында емес, қоғамда да үлкен рөл атқарады. Өз жанұясында балаларына қандай тәрбие берсе, мемлекеттің де ертеңі сол балаларға байланысты. Біз егемендік алған күннен бастап қазақ қыздары тәуелсіздігіміздің нығаюына қандай іс атқарып келе жатқандарын білеміз. Олар өндірісте, ауыл шаруашылығында жақсы нәтиже көрсетті",- дей келіп облыс әкімі Бердібек Сапарбаев еңбегімен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген ақтөбелік аруларға алғыс айтты.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

Өңір басшысының айтуынша, облыста шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлердің 30 пайызы әйел. Құттықтау сөзден кейін Б.Сапарбаев "Алтын алқа", "Күміс алқа" иелерін марапаттады. "Мен бақытты әйелмін. Балаларымның барлығы өсіп-өніп, өз жолын тапты. Мерекеге орай "Алтын алқа" алып, қуанып отырмын. Құттықтауды естіп, марқайып қалдым",- дейді "Алтын алқа" иегері Сәбиля Сейітжанова.

Айта кетейік, салтанатты шара кезінде жергілікті өнерпаздар концерт қойды. Мәдениет қайраткері Қанат Айтбаев пен ҚР еңбегі сіңген қайраткер С.Айтбаева, "Азия дауысы" байқауының жеңімпазы Алдаберген Жақсыбаев, "Екі езу" сатира театры өнер көрсетті. Шара барысында "Қоңыр" этно-эстрадалық тобы да ақтөбелік аруларға арнап ән шырқады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!