Елбасы Астанада McDonald’s мейрамханасында болды

Фотография - Елбасы Астанада McDonald’s мейрамханасында болды

Мнйрамхананың ресми түрде ашылу салтанаты 8 наурызда өтеді.

466 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Макдоналдс" корпорациясының Қазақстандағы алғашқы кәсіпорны жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мейрамхананың ауданы 863 шаршы метр аумақты алып жатыр, мейрамхана 206 адамға шақталған. Мекеменің іші жаңа дизайнмен безендіріліп, қонақтарға заманауи үлгіде қызмет көрсетіледі.

Компанияның екінші мейрамханасын 2016 жылы ашу жоспарланған, ал таяу бес жылда тағы 15 мейрамхана ашу көзделіп отыр.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

"Макдоналдстің" Қазақстандағы мейрамханаларына азық-түлік сыннан өткен өнім жеткізушілерден келеді. Сонымен бірге, жергілікті өндірушілер базасын дамыту жұмыстары жалғасады.

Мейрамхананың Астанадағы ресми ашылу рәсімі 8 наурызда өтеді.

"Макдоналдс" – қоғамдық тамақтану және жылдам қызмет көрсету саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Әлемнің 120 елінде компанияның 36 мың бөлімшесі келушілерге қызмет көрсетеді. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!