"Әзірет Сұлтан" мешіттерінің шәкірттері волейболдан жарысты

Фотография - "Әзірет Сұлтан" мешіттерінің шәкірттері волейболдан жарысты

Спорттық сайысқа мешіт имамдары мен шәкірттерден 10 команда қатысты

303 0

Кеше "Әзірет Сұлтан" мешітінің діни сауат ашу курсында дәріс алатын шәкірттер арасында волейболдан жарыс өтті. Спорттық сайысқа мешіт имамдары мен шәкірттерден жасақталған 10 команда қатысып, өзара бақ сынасты.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған спорттық шара шәкірттер арасындағы ауызбіршілікті арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Бұл жайында турнирдың ашылу салтанатында айтып өткен бірінші наиб имам Қуат Ерғалиұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері тек білім жолында ғана емес, спорт саласында да белсенді екенін ерекше мақтанышпен жеткізді.

Мешіт имамдары мен ұстаздары шәкірттерден жасақталған құраманы волейбол алаңына өздері бастап шығып, жеңіс жолында бірге тер төкті. Тартысты өткен ойынға "Нұр Астана" Орталық мешітінің имамы Серікбай Әділхан, "Әлжан ана" мешітінің имамы Қуаныш Сәбитов және мешіт жамағаты Манасов Айдар бауырларымыз қазылық етіп, сайыстың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты. Ал, сайыс төрешісі ретінде Степногорск қаласынан келген бапкер Бағланбек Арипов белгіленіп, спорт ойындарының ережеге сай өтуін қадағалады.

Жанкүйерлер делебесін қоздырып, тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша, жүлделі ІІІ-орынға мешіт ұстазы Нұржан Әлімқұлов шәкірттерінен құралған «Фатих» командасы лайық деп танылып, 20 000 теңге олжалады. Ал, жүлде қоры 30 000 теңге болатын ІІ-орынға ұстаз Ерлан Базарбайұлы шәкірттерінің «Алғыр» командасы ие болды. Сайыстың бас жүлдесі (50 000 теңге) және мешіт кубогы Қуат Ерғалиұлының шәкірттерінен жасақталған «Сұлтан» командасының қанжығасына байланды. Жүлдегерлердің барлығына арнайы Алғыс хат пен естелік медальдар табысталды.


muslim.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!