Астанада 14 таксопарк қызмет көрсетеді

Фотография - Астанада 14 таксопарк қызмет көрсетеді

Олардың қызметі ҚР Үкіметінің Қаулысы бойынша елордадағы жолаушыларды тасымалдау және багажды көлік транспорты ережесімен бекітілген.

346 0

Астана қаласында қазіргі таңда жолаушыларды тасымалдау және жол көлік транспортымен (такси) тасымалдау 556 автотаксиді құрайтын 14 таксопарк қамтамасыз етеді. Олардың қызметі ҚР Үкіметінің Қаулысы бойынша елордадағы жолаушыларды тасымалдау және багажды көлік транспорты ережесімен бекітілген.

Мұнымен қоса, жақын арада халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру үшін «City Taxi Astana» жобасы қолға алынбақ. Жоба аясында көліктер барлық халықаралық стандарттарға сәйкес болады, ал жүргізушілер ҚР ЖҚЕ, Жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелері, жолаушыларға қызмет көрсету мәдениеті сияқты пәндер бойынша Көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығында оқытылады, сонымен қатар, шетелдік қонақтарға қызмет көрсету мақсатында ағылшын тілін меңгереді

Бұл қызметті ресми компаниялардан бөлек Жолаушылар көлігі басқармасынан рұқсат алмаған жеке кәсіпкерлер, жекеменшік такси жүргізушілері аталған қызметті көрсетіп жүр. Аталған жүргізушілер заңсыз көлік тұрағын, жүргізушілер өздеріне және де қала тұрғындары мен қонақтарына қолайсыздық тудырады. Ереже бойынша мұндай тасымалдаушылар ТС категориясына жататын тасымалдау шартына сәйкес келмейді (түс гаммасын бұзу, шахмат тәріздес белдеудің жоқтығы, байланыс радиолары, диспетчерлік қызмет және т.б.). Сонымен қатар, жеке меншік тасымалдаушылар еш жерде тіркеуде жоқ, бұл такси қатысуымен болған қылмыстарды ашуға кедергі келтіреді.

Айта кетейік, өткен аптада елорда әкімдігінің аппарат отырысында Жергілікті полиция қызметіне жол қозғалысы қауіпсіздігін алдын-алу мақсатында такси жүргізушілерінің қылмыс бұзушылықтарын анықтау бойынша рейдтер жүргізу тапсырылған болатын. Сонымен, жыл басынан бастап 300-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кәсіпкерлік субъектіге жатпайтын такси жүргізушілеріне 400 жуық әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске сала кетейік, ҚР ӘҚБК 449-бабына сәйкес қоғамдық орындарда қызмет көрсету мақсатында адамның мазасын алу үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл, ал қайталанған жағдайда 10 АЕК айыппұл немесе бес тәулік мерзіміне тұтқындау қарастырылған.


astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!