Бір кг май алуға 20 летрдей сүт жұмсалады

Фотография - Бір кг май алуға 20 летрдей сүт жұмсалады

Украинадан ірімшік ретінді жеткізілетін ақуыз бен дәрумен араласқан қоспаның жаулап алуы отандық нарыққа кеедергі

453 0

Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мың теңгеден сатылатын сары май мен ірімшіктің 110 түрі таза табиғи болуы мүмкін емес екенін айтып, отандық тауар өндірушілерді түрлі қоспа салынған өнімнен құтқаруға уәде берді, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Бір келі сары май алу үшін 21 литр сүтті өңдеу керек", – деді министр.

"Нарықтағы сүттің литрі 70 теңгеден сатылатын болса, сары майдың бағасы мың жарым теңгеден төмен болмауы тиіс. Бұған қоса, дүкен сөрелеріне жеткенге дейін сүтті айырып, салқындатып, араластырып, бөлу, орау қажет. Ал, бізде шет елден әкелінетін майдың келісі мың теңге тұрады. Бұл ретте, министр басты мәселе техникалық тәртіпті бақылауға келіп тірелетінін атап өтті.

"Қазіргі таңда техникалық тәртіпті бақылауды ауыл шаруашылық министрлігіне тапсыру қарастырылуда. Себебі бүгінгі күні дүкендер мен сауда нүктелерінде тұнып тұрған тауар тұтынушыларды адастырып, өндірістің дамуына кері әсерін тигізуде", деді А. Мамытбеков.

Кездесу барысында Упен ауданындағы "Ректайм" ШҚ-ның басшысы Евальдт Руф қатты ірімшіктің өзіндік құны 1200 – 1300 теңгеге тең келетіндігін айтып, шағымданды. Дегенмен бұл баға оған өз өнімін саудалауға қиындық тудыруда. Бұл жағдайға дүкендерді Украинадан ірімшік ретінді жеткізілетін ақуыз бен дәрумен араласқан қоспаның жаулап алуы себеп болып отыр.

"Мұндай аралас қоспа екінші рет өңдеуден өтуі тиіс. Дегенмен тауар бірден дүкендерге жөнелтіледі. Ал, біз оларға бақталас бола алмаймыз", – деді фермер.


Тегтер:

Сүт май

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!