Бүгін – Халықаралық әйелдер күні

Фотография - Бүгін – Халықаралық әйелдер күні

Қазақстан Халықаралық әйелдер күнін тойлайды

767 0

Мерекенің негізін қалағандар – Нью-Йорктегі фабрика мен мақта-мата өндірісінің жұмысшы әйелдері. Олар 1857 жылы тұңғыш рет бас көтеріп, өз құқықтарын қорғап, ереуілге шыққан болатын. 1975 жылдан бастап БҰҰ-ның ұйғарымымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні ретінде аталып өтуде. Содан бері әйелдер ұлтына, тіліне, этникалық жағдайына қарамастан бірігіп, өздерінің қаншалықты құрмет пен сыйға лайық екендіктерін іс жүзінде мойындатады. Олар теңдік пен бауырмалдықты, достық пен сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен өзара түсіністікті ту етіп ұстауда. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналардың, нәзік бойжеткендердің мерекесі құтты болсын!

Today.kz сайты барша Қазақстандық әйелдер қауымын құттықтап, мынадай тілек тілейді. 

Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз!



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!