Алматыда атақты балуан Әбілсейіт Айхановпен қоштасу рәсімі өтеді

Фотография - Алматыда атақты балуан Әбілсейіт Айхановпен қоштасу рәсімі өтеді

Өткен ғасырдың 50-60 жылдары Қазақстан біріншілігінде 11 мәрте жеңімпаз атанып, Одақ көлемінде өткен талай байрақты бәсекелерде олжа салды.

1078 0

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында қазақтың атақты балуаны, еркін күрестен КСРО чемпионы, КСРО халықтары Спартакиадасының чемпионы Әбілсейіт Айхановпен қоштасу рәсімі өтеді.  Бұл туралы  egemen.kz хабарлайды.

Марқұмның жаназасы сағат 10.00-де шығарылады.

Бүгін  Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамит  әйгілі балуанның қайтыс болуына байланысты министрліктің марқұмның туған-туыстарына көңіл айту хатын жолдағанын айтты. Онда былай делінген:"Қазақ күресі орны толмас қазаға ұшырады. Кеше қазақтың атақты балуаны, еркін күрестен КСРО чемпионы, КСРО халықтары Спартакиадасының чемпионы Әбілсейіт Айханов дүниеден өтті.

Әбілсейіт Рүстемұлының қазақ күресіне сіңірген еңбегі орасан зор. Өткен ғасырдың 50-60 жылдары Қазақстан біріншілігінде 11 мәрте жеңімпаз атанып, Одақ көлемінде өткен талай байрақты бәсекелерде олжа салды. Кейіннен дене тәрбиесі теориясының профессоры атанып, шәкірт тәрбиелеуде елімізге өлшеусіз үлес қосты. Оның қол астында жаттыққан талай балуандар көптеген халықаралық жарыстарда топ жарып, еліміздің мерейін өсірді.

Әбілсейіт Айханов — КСРО құрамасында ойып тұрып орын алған алып тұлғалы балуандарымыздың бірі және бірегейі.

Біз Әбілсейіт Рүстемұлының қазақ спортына қосқан өлшеусіз еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Марқұмның артта қалған туған-туыстарына көңіл айта отырып, иманы саламатты болсын деймін. Ағамыздың жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!"



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!