Ақтөбеде еркектердің жезөкшелігі белең алып келе жатыр (+18)

Фотография - Ақтөбеде еркектердің жезөкшелігі белең алып келе жатыр (+18)

Ақтөбеде кемінде оннан астам 19-38 жас аралығындағы ер азаматтар жезөкшелік қызмет ұсынып отыр.

597 0

Ақтөбеде жас жігіттен бастап үлкен ер азаматтарға дейін өз тәнін саудалауға кіріскен. Психолог мұндай үдерістің орын алуының себептерін түсіндіруге тырысты деп хабарлайды nur.kz порталы aktobetimes.kz сайтына сілтеме жасап.

"АТ" жүргізген сараптамаға сәйкес, Ақтөбеде кемінде оннан астам 19-38 жас аралығындағы ер азаматтар жезөкшелік қызмет ұсынып отыр. Бірі өзінің тәнін тек нәзік жандыларға ғана саудаласа, ал енді бірі ер кісілерден де кет әрі емес.

Олардың дені өздерін әлеуметтік желілер мен интернет-сайттар арқылы жарнамалауда. Сондай сайттардың бірінде 25 жастағы ақтөбелік өзін әйелдерге саудалайтынын айтып, "қалағаныңды жасаймын, менімен керемет уақыт өткізесің" деп сендіруге тырысқан. Астына, тіпті емін-еркін байланыс нөмірлерін де жазып қойған. Өзге ақтөбелік кез-келген жастағы келіншектің көңілін тегін табуға әзір екен.

23 жастағы жігіт болса, тек 30-35 жастағы әйелдерге қызмет көрсететінін алға тартқан. Ол қалталы әйелдерді ғана қалайды екен. Тағы бір азамат ақша үшін қолымен ғана емес, аузымен де массаж жасайтынын жария еткен. Ол бұл қызметі үшін ол сағатына 1000 теңге алады.

Желіде трансвеститтің де хабарландыруы жүр. Оған хабарласу мүмкін болмады. 29 жастағы өзге ер кісі әйелдерге сағатына 5000 теңгеге және түнегені үшін 17 мың теңгеге жыныстық қызмет ұсынып отыр. Ал 22 жастағы жігіт өзін "құл" деп атап, ер азаматтар арасынан қожайынын іздеп жүргенін жазған.

Нөмірлердің біріне хабарласқан редакция, өзін Алексей ретінде таныстырған жігіттің әйелдерге сағатына 8 мың теңгеге тәнін саудалайтынын анықтаған.

Редакция, тіпті гомосексуалды қатынасқа әзір азаматты кездесуге шақырта алған.

Аздап кешігіп келген азиат жігіт кездесуге тілшілер шақырғанын біле салып, кетіп қалмақ болады. Алайда жарты жолда тоқтап, сұхбат беруге әзір екенін айтады.

"Менің есімім Дәурен. Жасым 19-да. Негізінен медик-студентпін. Ақтөбеге Қарағандыдан келгенмін. Оқуым әлі ұзақ. Ата-анам бар. Жеткілікті қаражат жіберіп тұрады", - деп әңгімесін бастаған жігіт мұндай қадамға "жақсы өмір" үшін барғанын алға тартады.

"Жақсырақ өмір сүріп, киімге, көңіл көтергенге ақша құртқым келеді. Мұнымен айналысып жүргеніме бір жарым жыл болды. Екі рет мазақ еткісі келетіндердің қолына түстім. Мені соққыға жықпақ болды. Ал негізінен бәрі қарапайым жандар, мұғалімдер, әскерилер де бар ", - дейді ол.

Ол өзінің тәнін саудалаудан еш әбестік көрмейді екен. Өзін ұрмақ болғандардан қалай құтылып шыққанын жігіт айтудан бас тартты.

Психолог Дмитрий Свиридов болса, бұған экономикалық жағдайдың төмендеуі себеп деген ойда.

"Болған жайттан дүрлігудің еш қажеті жоқ. Әрбір екінші азамат бұл ісінен уақыт өте келе бас тартады. Дағдарыс жағдайын ескерсек, экономиканың құлдырауы бірінші кезекте ер азаматтарға қатты әсер етті. Соның салдарынан жезөкшелікпен айналысатын ер кісілер көбейе түседі деп ойлаймын. Ал адам азғындап кетті дегенді айту баяғыдан-ақ орынсыз болып қалды. Адамдар үшін тәнін саудалау ұят дүние болмай кетті. Көптеген әйелдер үшін бұл жұмыс қана, олар, тіпті жақсы ана, жар атанып отыр... Сіздер педофилдер, жезөкшелер деп қанша байбалам салсаңыздар да, бұл бұрыннан болып жатқан құбылыс. Тіпті 20 ғасырда 11 жасынан тәнін саудалайтындар да болған. Енді ондай ер азаматтар да көбейе түспек", - дейді маман.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!