Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Фотография - Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос  орындар жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңке сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Жансүгіров көшесі 8/1 мекен жайы бойынша орналасқан "Аружан" сауда, ойын-сауық орталығында өтеді

332 0

17 наурызда Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында "Кедергісіз келешек" атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі. Оған елорданың 20 жұмыс берушісі қатысып, 120 бос жұмыс орнын ұсынады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Жәрмеңке сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Жансүгіров көшесі 8/1 мекен жайы бойынша орналасқан "Аружан" сауда, ойын-сауық орталығында ұйымдастырылады.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізудің мақсаты мүмкіндігі шектеулі жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, сонымен қатар жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау туралы толық ақпарат беру.

"Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде оқу орындарының түлектері жастар практикасынан өту, халықтың нысаналы топтағы тұлғалары әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Жұмыспен қамту орталығының мамандары қайта даярлау және жаңа мамандықты игеру мүмкіндіктері туралы кеңес береді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!